Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 мамыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР-дың экологиялық шешімдер саласындағы халықаралық көшбасшыларының бірі - "CITIC Environment Investment Group" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде өңір орталығында пилоттық жоба - Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жүзеге асырылатын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото