- Барлық ақпарат
Қазақстандық ғалымдар Қытай мамандарымен бірлесе алғашқы отандық чип жасады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 мамыр
ҚР Астана қаласында заманауи технологияларда қолданылатын алғашқы отандық чип таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik.
Бұл чипті қазақстандық ғалымдар Қытай мамандарымен бірлесе жасап шықты. Яғни, өнім – Қытай университеттерімен әріптестік шеңберінде қабылданған "Бір студент – бір чип" бағдарламасының жемісі.
«Біз чипті 6 айдай жасадық. Жобасын, дизайнын сыздық. Соның жартысы, 3 айы әзірлеуге кетті. Қалған 3 айы верификацияға кетті. Функционалды тестілеуге кетті», - дейді ғалым Нұрсұлтан Қабылқас.
Жоба авторлары чип Қазақстанның жаһандық жартылай өткізгіштер индустриясына енуіне жол ашып, жоғары технологиялық салаларды дамытуға тың мүмкіндіктер беретініне сенімді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online