Қазақстанда жүгеріні терең өңдеуге арналға өнеркәсіптік парк салу бойынша инвестициялық жобаны талқылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 мамыр

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Fufeng Group компания тобының президенті Ли Сюэчуньмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған тікелей интеграцияланған өнеркәсіптік парк салу бойынша ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Жоспарланған инвестиция көлемі шамамен $800 млн-ды құрайды. Өндірістік кешенге крахмал өндіретін зауыт, үш биоферментациялық зауыт, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр стансасы және тазарту құрылыстары кіретін болады.

Жүгеріні өңдеу қуаттылығы, оның ішінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеткізу есебінен жылына 1 млн тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру шамамен 1,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото