- Барлық ақпарат
Солтүстік-Батыс политехникалық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уиверситеті бірлесіп Қытай-Қазақстан Үздік инженерлер институтын құрды
15 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 14 мамыр күні Солтүстік-Батыс политехникалық университетінен университеттің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Қытай-Қазақстан Үздік инженерлер институтын бірлесіп құрғанын білді.
Қытай-Орталық Азия Білім министрлерінің бірінші жиналысының қорытындысы шыққаннан кейін Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің ректоры Сон Баовэй мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілі Марғұлан Ибрагимов ресми түрде «Қытай-Қазақстан Үздік инженерлік институтын құру туралы келісімге» қол қойды.
Қытай-Қазақстан Үздік инженерлер институты Қытай мен Қазақстанның өнеркәсіптік даму қажеттіліктеріне сай, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалына сүйене отырып, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің STEM білім беру саласындағы артықшылықтарын ойдағыдай дамытып, Қазақстанда STEM таланттарын оқытудың озық үлгілерін ілгерілетуді зерттейді. Қытай-Қазақстан кәсіпорындармен бірлесіп, «білім, ғылым-технология, индустрияны» толық тоғыстырған таланттарды даярлау платформасын құрып, сондай-ақ халықаралық көзқарасы бар, инженерлік тәжірибесі және инновациялық рухы жоғары сапалы инженерлерді дайындайды.
people.cn © People's Daily Online