- Барлық ақпарат
Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында автомобиль өндірісі мен сатылымы алғаш рет 10 миллионнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 мамыр
13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының 12 мамырда жариялаған мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың алғашқы төрт айында Қытайдың автомобиль өндірісі мен сатылымы алғаш рет 10 миллион бірліктен асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-дан астамға жоғарылағанын көрсетті.
Олардың ішінде жаңа энергетикалық көліктердің сатылымы жаңа көліктердің жалпы сатылымының 42,7%-ын құрады.
Экспортқа келетін болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 1,937 миллион автомобиль экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті. Көрсеткіш бойынша 642 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,6%-ға ұлғайды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online