Неліктен Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері бүкіл әлемде соншалықты танымал?

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шанхайдағы автокөлік көрмесінде Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері өздерінің керемет технологиясымен және құнына лайықты өнімділік коэффициентімен шетелдік аудиторияны бірден баураған болатын.

2024 жылы Қытайдың жаңа энергетикалық көліктерінің жылдық өндірісі тарихи түрде 10 миллион мөлшерден асып, 12,888 миллионға жетті, ал электромобильдердің әлемдік сатылымы 70%-ды құрады. Шетелдік БАҚ Қытайдың жаңа энергетикалық көліктеріндегі «Қытай жылдамдығы» мен «Қытай мүмкіндігіне» таң қалды.

Халықаралық институттар мен сарапшылар Қытайдың жаңа энергетикалық көліктер нарығы өсе береді және жаһандық автомобиль өнеркәсібінің жасыл, төмен көміртекті дамуы үшін маңызды күшке айналады деп сенеді. Ендеше, шетелдік БАҚ-ты Қытай нарығының болашағына соншалықты сенімді ететін не?

Сенімділік нарықтан туындайды. 1,4 миллиардтан астам халқы және орташа табысқа ие ірі көлемдегі тұтынушылар тобы бар Қытайда өте ауқымды нарық бар.

Сенім болашақтан туындайды. Неміс «Мюнхен Меркурийінде» жарияланған талдауға сәйкес, Қытайдағы жаңа энергетикалық көліктерді тұтынушылардың орташа жасы небәрі 34 жасты құрайды, бұл Еуропадағы 56 жастан әлдеқайда төмен. Жастардың қолдауына ие болу - болашақ нарыққа ие болу дегенді білдіреді.

Сенімділік инновациядан туындайды. Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері ғылыми және технологиялық инновациялардың «негізгі айналымын» жақсы меңгерген.

Жаһандық жасыл трансформация толқынында Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері жарқын болашаққа ұмтылуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото