17 жыл бұрынғы Вэньчуань жер сілкінісінен құтқарылған балалардың қазіргі жағдайы қалай?

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2008 жылы 12 мамырда Сычуань өлкесінің Вэньчуань қаласында 8 баллдық жер сілкінісі салдарынан 70 000-ға жуық адам қаза тауып, 18 000 адам хабар-ошарсыз кетіп, 370 000-нан астам адам жарақат алды. Бүгін зілзаланың болғанына 17 жыл толып отыр. Уақыт өзені бәрін шәйіп кетсе де зілзаладағы ауыр қайғы, ұмытылмас махаббат пен күш әлі жанымзда. Вэньчуань қирандылар арасында қайтадан серпіліп, қасқая бой көтерді. Бүгін сол кезде құтқарылған балалардың жағдайы қалай болғанымен танысайық.

Ван Руй

Ван Руй

Ван Руй

Ван Руй 

Ван Руй (әйел), 2008 жылы 12 мамырда болған Вэньчуаньдағы жер сілкінісінде 15 жасында оң аяғынан айырылған болатын. 2009 жылы ол үстел теннисшісі атанып, ұлттық құрамаға дейін кірді. Токио паралимпиадасында командаластарымен бірге үстел теннисінен әйелдер арасындағы командалық алтын медальды еншіледі. 2024 жылғы Париж паралимпиадасында ол әйелдер арасындағы жекелей сында қола медаль жеңіп алды.

Ню Юй

Ню Юй

Ню Юй Вэньчуань жер сілкінісінде небәрі 11 жаста еді. Ол да зілзала кезінде оң аяғынан айырылған болатын. Ол біраз уақыт бойы жабырқаумен күн өткізіп, кейін жақындарының қолдауының арқасында қайтадан қайратына мінген. Бойжеткен жалған аяқ жалғатып, жартылай марафонға қатысты; Ол «механикалық болат аяғымен» сән апталығы сахынасына көтеріліп, жұрттың қошеметіне ие болды; Оның болат аяғы өзіне күш пен жігер, сенімділік сыйлап келеді...

Ню Юй

Ню Юй

Биыл Ню Юй 28 жаста, оқу-сызуға жаны құмар. Ол өз бетінше оқудан кейін армандаған мектебіне оқуға түсті.

Ян Линь

Ян Линь

Ян Линь

Ян Линь

Ян Линь оқитын мектептің ғимараты Вэньчуань жер сілкінісі болғанда бірден құлайды. Сол кезде 14 жасында ол екі сыныптасын қауіпсіз жерге көшіруге бар күшін салып, өзі жарақат алып емханаға жеткізіледі. Ян Линь университетте мейірбике мамандығын таңдаған. Қазір ол аурухананың оңалту бөлімінің медбикесі болып жұмыс істейді.

Чжоу Юй

Чжоу Юй

Чжоу Юй (әйел) 17 жыл бұрын, 5 жасында құлаған үйдің астында қалып, дәрігерлер дүмпудің қаупіне қарамастан, бас сүйегін ашып операция жасап, сол аяғын кесіп ажал аузынан аман алып қалады. 2022 жылы ол Чэнду дәстүрлі қытай медицинасы университетіне түсті.

Чжан Цзыли

Чжан Цзыли

Чжан Цзыли 2008 жылы 6 жаста еді. Жер сілкінісі болған кезде оның үйі құлап қалады. Халық-Азаттық армиясы мен өрт сөндірушілер оның отбасына шатыр тігіп, оған: «қорықпа, біз осындамыз» деп айтқан болатын. Бұл сөз кішкентай Чжан Цзылиге үлкен әсер қалдырады.

Ол есейе келе өрт сөндіруші мамандығын таңдады. 2022 жылы Сычуань өлкесінің Лудин қаласында болған жер сілкінісінен кейін оның әріптестерімен бірге құтқарылған сәбиді құшағына басып тұрған көрінісі видеоға түсіп қалған. Бұл көрініс көптеген желі қолданушысын толқытты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото