Жылдың жақсы кезеңінің бірі - Жаз басы (Лися)

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 мамыр

5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сәлеметсіздер ме! Мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Бүгін жаз басы, жылдың 24 амалының жетінші және жаздың бірінші амалы. Менімен бірге Куньминге барып, жаздың басталуын сезініңіз!

«Бұл уақытта барлығы қаулап өседі, сондықтан бұл кезең жаз басы деп аталады». Жаз басынан кейін жылы жел тұрып, күн ұзара бастайды, бәрі жайқалып өседі. Қараңызшы, Куньмин көшелеріндегі гүлдер жайнап, ашыла бастапты.

Қытайдың көптеген аймағында жаз басында мол егін жинауды тойлау үшін «Жаз басында жаңа дәм» дәстүрі әлі күнге дейін сақталған. «Үш жаңа дәм» жаздың басында маусымдық жаңа өнімдердің дәмін татуды білдіреді. Юньнань шиесі, кең бұршақ, жаңа бамбук өскіндері және т.б. көктем мен жаздың тоғысындағы табиғат сыйы.

Дәстүрлі Қытай медицинасы жаз мезгілі жүрек пен демнің байланысатын мезгілі деп есептейді, сондықтан «пішінді пішінмен толтыруға» ұмтылады, ал жұмыртқа жүрек тәрізді болады, сол үшін кейбір жерлерде «жаз басында жұмыртқа жеу» және «жұмыртқа соғыстыру» әдет-ғұрыптары бар.

Бір қызығы, Батыстың Пасха мерекесінде жұмыртқа туралы ойындар да бар, мысалы жұмыртқаны бояу, жұмыртқаны жасыру, бір-біріне жұмыртқа беру, жұмыртқа табу ойындары.

«Лотос жапырағы судан енді көтеріле бастағанда, оның ұшына инелік қонып үлгеріпті». Мен сізге жаздың хабарын самалмен бірге жібердім, сондықтан жазды бірге құшақ жая қарсы алайық!

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото