- Барлық ақпарат
Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан теміржолының құрылысы басталды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 мамыр
5 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржолының Қырғызстан аумағындағы негізгі нысандары – Ферғана, Нарын-1 және Кош-Төбө туннельдерінің құрылысы сәуір айының соңғы күндері басталды.
Аталған үш туннельдің үшеуі де бір бағытты, бір жолақты және әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан кем емес. Бұл туннельдер Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржолының аса маңызды стратегиялық бөліктері саналады. Жоба биік таулы, климаты қатал, сейсмикалық белсенді, геологиялық қысымы жоғары, жер бедері күрделі, көлік қатынасы қиын аймақта жүргізіліп жатыр.
Өткен жылдың маусым айында Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері аталған теміржол жобасы бойынша үкіметаралық келісімге қол қойған болатын.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online