- Барлық ақпарат
Әйхэ қалашығы: ауылдағы әсем өнер тарбиесі
![]() |
25 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Әйхэ қалашығы Лоянның халықаралық керамика ауылы ретінде де танымал Лоян қаласының Лонин ауданында орналасқан, қаладан шамамен 120 шақырым жерде. Қытайлық керамика өнерінің шебері Го Әйхэ 2015 жылы Әйхэ қалашығының негізін қалаған. Ол шамамен 200 гектар аумақты алып жатыр, Лоян түрлі-түсті керамика өнері мен табиғи экологияны біріктіреді.
Керамика ауылы дәстүрлі ауылдың өзіндік үлгісін сақтай отырып, жер үйлер мен үңгірлер сияқты элементтерді өзгертті. Ауылда 6000-нан астам ірі қыш ыдыстардан тұратын көркем құрылғылар бар.
2015 жылдан бастап мұнда қытайлық «Сол күнгі» сурет көрмесі тоғыз жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жиналған қаражаттың барлығы таулы және ауылдық жерлердегі балаларды әсем өнерге тәрбиелеуге жұмсалды, аудандағы 86 бастауыш және орта мектептерде «әсем өнер сыныбы» құрылды, бұл аудандағы 70 000-нан астам бастауыш және орта мектеп оқушыларына пайдасын тигізіп отыр.
people.cn © People's Daily Online