Еліміздегі алғашқы Қытай-Еуропа теміржол және әуе интермодальдік пойызы Үрімжіге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 сәуір

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 4500 шақырымдық теміржол тасымалынан кейін 21 сәуір күні еліміздегі алғашқы Қытай-Еуропа теміржол-әуе интермодальдік пойызы Үрімжіге жетті. Ол теміржолдан әуе тасымалына ауыстырылып, Еуропаға бағыт алады.

Пойыз 18 сәуір күні Гуанчжоу халықаралық порт станциясынан жолға шығып, 66 сағаттан кейін Үрімжіге жетті. Одан соң Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайынан әуе жолы арқылы Еуропаға жөнеледі.

Мәліметтерге сәйкес, Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанағы аймағынан Еуропаға жіберілетін жүктерді жүк пойыздары мен әуе жүктерінің интермодальдік көлігін пайдалану арқылы тасымалдау уақытын үнемдеп, заттар тек 7 күнде Еуропаға жетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото