СҚО-да 46 гектар аумақта шөп өртенді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 сәуір

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында табиғи өрт болды, деп хабарлайды Sputnik.

«Обуховка ауылының жанында 46 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Күшті желдің 20 м/с дейінгі екпіні салдарынан өрт тез таралып, ауылдың шетіндегі серіктестік аумағындағы шаруашылық құрылысына тарады. Өрт сөндірушілердің батыл әрекеті өрттің Обуховка ауылына таралуына жол берілмеді», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге барлығы 126 адам және 16 бірлік техника аттанықа келді. Ауылды өрттен қорғау мақсатында оттың қозғалысын тоқтату үшін тракторлармен жерді жырту жүргізілді. Дронды пайдалану арқылы қосымша әуе мониторингі жүргізілді. Бұл оттың таралу бағытын жедел бақылауға және жердегі іс-қимылдарды үйлестіруге мүмкіндік берді.

Ауылға төнген қауіп толығымен жойылды, эвакуациялау қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото