Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 сәуір

16 сәуірде Қазақстанның бас қаласында II Орталық Азия медиафорумы өтті, деп хабарлады Қазақстандық БАҚ.

Ақпаратқа сәйкес, форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды.

Форумның мақсаты – Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерді қарастыру.

Форым барысында Орталық Азия елдеріне ортақ телеарна құру, креативті хаб және журналистика академиясын жасақту сияқты мүмкіндіктер қарастырылғаны да хабарланды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото