- Барлық ақпарат
Гуюй амалы
20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Бәріңе сәлем! Мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Бүгін - Гуюй, көктемнің соңғы жыл амалы. Мен көркем Уишань тауына келдім. Осы жердің көркін бірге тамашалайық.
Гуюй «жаңбырмен жер көгерер» деген мағынадан алынған. Бұл кезде көктемгі суық өтіп, көктемнің жаңбыры толастамай, жер әлем көктейді.
«Гуюй, Гуюй, жаңбыр жауғанда шай теріледі», Гуюй амалы кезінде көктемгі шайды теріп, шай дәмін тататын маңызды мезгіл. Гуюй амалы кезінде терілген шайды «Гуюй шайы» немесе «көктем соңындағы шай» деп атайды, бұл осы жылдағы ең тамаша өнім саналады. Мөп-мөлдір Гуюй шайына көктем сыйып тұрғандай.
Сіз білесіз бе? Уишань тауы - улун шайы мен қара шайдың мекені ғана емес, мен тұрған Сямэй ауылы XVII ғасырдағы шай жолының басталған жері. Шайдан аңқыған хош иіс осы жерден басталып, Еуразия даласын да аңқып, бүкіл әлемнің шай мәдениетіне әсер етті.
Гуюй амалы күні Санцзенің жазуды сәтті тапқырлаған күні деп айтылады. Ежелгі заманнан бері Санцзені еске алу дәстүрі бар. Оның еңбегін еске алу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоғамдық ақпарат департаменті жыл сайын Гуюй амалын «Біріккен Ұлттар Ұйымының Қытай тілі күні» деп атады.
«Гуюй амалындағы мөлдір таңдай,
көгілдір тартқан табиғат қандай»
Көктемді ұзатып, жазды қарсы алғалы тұрмыз. Осы өларада көктемге қайта көз тастап, жадыраған жазды қарсы алайық.
people.cn © People's Daily Online