Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыстың 111 ардагері тұрады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 сәуір

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде екінші дүниежүзілік соғыстың 111 ардагері, жеңілдіктер бойынша екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер, 26 553 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 39 588 екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері деп жазды Kazinform.

2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото