- Барлық ақпарат
Қытайда 24 000 контейнерге арналған қос отынды ең ірі кеме пайдалануға берілді
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 сәуір
16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 15 сәуірде әлемдегі ең үлкен 24 000 қорапты класты қос отынмен жұмыс істейтін контейнерлік кеме ресми түрде жеткізілді. Бұл Қытай үшін әлемдегі ультра үлкен қос отынмен жұмыс істейтін контейнерлік кемелер саласындағы жаңа серпіліс болды.
Кеменің жалпы ұзындығы 399 метр, 220 000 тонна жүк тиеуге болады, шамамен биіктігі 25 қабатқа тең қабаттап жинаған 24 000 контейнерді тасымалдай алады. Сонымен қатар кеменің бұл түрі өзінің қуаты ретінде сұйытылған табиғи газды, жасыл отынды да пайдаланады. Соның арқасында ол бір сапарда 20 000 теңіз миліне дейін тоқтамай жол басады.
Кеме 18 сәуірде қиыр Шығыстан Еуропа бағыты бойынша пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online