Орыс қызы Хэцзэда «гүл» тағамының дәміне сүйсінді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 сәуір

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шаньдун өлкесі Хэцзэ қаласының «Қытайдағы пион гүлі мекені» деген атауы бар. Бұл жерде пиондарды тамашалап қана қоймай, дәмін көруге де болады. Сәуір айы келіп, гүлдер тегіс шешек атқан шақта орыс қызы Елена Цаочжоу пион бағындағы гүлдерді тамашалады. Елена әсем көрініске куә болып қоймай, пион банкетінен дәм де татты. Соңғы жылдары романтик хэцзэлықтар пион гүлдерінен неше түрлі тағам әзірлеп, дастарханды сәндеп қоятын болды. Көптеген жергілікті мейрамханалар пиондардың гүлдену маусымында арнайы «пион банкетін» дайындап, туристерді ерекше тағам түрлерінен дәм татуға шақырады. Ерекше әсер алған Елена: «Хэцзэда гүлдерді көзден асқазанға дейін тамашаладым, өте керемет»,- деп әзілдей бағасын берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото