- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин аймақтық геосаяси шиеленістерге қарсы тұру үшін АСЕАН-мен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 сәуір
16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Малайзияның «Синчжоу» газеті сынды бұқаралық ақпарат құралдарында «Қытай-Малайзия достығы кемесі жақсы болашаққа бағыт алады» атты қол қойылған мақаласын жариялады. Ол мақаласында Қытайдың Малайзиямен және АСЕАН-ның басқа елдерімен бірге, бейбітшілік пен дамудың тарихи тенденцияларына сай әрекет етуге, геосаяси мен лагерьлердегі жасырын қақтығыстарға қарсы тұруға, біржақтылық пен протекционизмнің кері толқындарын еңсеруге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары сапалы әрі стратегиялық тағдыры ортақ Қытай-Малайзия қауымдастығын алға жылжытып, қол ұстаса тіпті де етене тағдыры ортақ Қытай мен АСЕАН елдері қауымдастығын салу үшін бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online