Енді Қытай мен Қазақстанның жеміс-көкөністерін тікелей сатып алуға болатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы ең ірі жеміс-көкөніс көтерме сауда нарығы мен Қазақстанның жеміс-көкөніс нарығы алғаш рет тікелей бірлескен жеткізу жүйесін іске асырып, екі ел арасындағы экспорттық қызметтің жаңа моделін сынақтан өткізді.

Ынтымақтастықтың жаңа моделіне сәйкес, Шыңжаң Цзюдин сауда-логистикалық тобының жеміс-көкөніс көтерме сауда нарығында жемістер мен көкөніс өнімдері тиелген трансшекаралық тоңазытқыш тізбекті жүк көліктері TIR (халықаралық автомобиль көлігі) жүйесі арқылы шекарадан өтеді. TIR халықаралық автомобиль көлігі жүйесінің «бір жолда тексеру, жол бойы тоқтаусыз» жүре беретін артықшылықтары арқасында Қытай-Қазақстан шекарасында сандықты екінші рет ашып тексермей-ақ өте алады, бұл тексеру уақытын 60%-ға қысқартты. Тасымалдау уақыты кем дегенде 12 сағат үнемделді.

Кері қайтар жолда жүк көліктері Қазақстанда өндірілген зығыр майын, балды, сиыр мен қой етін тиеп келеді. Осылайша, екі бағытта бірлескен жеткізу жүзеге асып, Қытай мен Қазақстан өзара игілікке қол жеткізіп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото