Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 сәуір

14 сәуірге қараған түні Тәжікстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kazinform мәлімдеді.

Жерасты дүмпулері Рашт қаласынан 23 шақырым жерде UTC 0:44 кезінде тіркелгені атап өтілді. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бір күн бұрын, 13 сәуірде Тәжікстанда екі рет жер сілкінген. Олардың ошақтары облыс орталығы Рашт қаласының маңында, ел астанасы Душанбеден шығысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, күндіз жергілікті уақыт бойынша 09:24–те алғашқы жер сілкінісі тіркелген. Магнитудасы 5,8. Оның көршілес Өзбекстан аумағына әсер еткені, Ташкентте 2 баллдық күшпен жерасты дүмпулері сезілгені айтылды.

Екінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:14–те болды. EMSC мамандары жер сілкінісінің магнитудасын 4,2 деп бағалады. Жер сілкінісінің ошағы Рашт қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото