- Барлық ақпарат
Орталық Азия пойызы (Ухань) тұрақты қатынайтын болды
14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 12 сәуірде болат, кондиционер және басқа материалдар тиелген X9011 пойызы Қытай теміржолының Ухань қаласынан жолға шықты. Пойыз Өзбекстанның астанасы Ташкентке 10 күннен кейін жетеды. Бұл - Уханьнан Орталық Азияға тұрақты қатынайтын алғашқы пойыз.
Соңғы жылдары Хубэй мен оның айналасындағы аймақтар мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы біртіндеп өсті, бірақ бұрын Уханьнан Орталық Азияға тұрақты қатынайтын пойыздар болмай, уақытша пойыздар қатынайтын. Осыған байланысты тиісті ведомстволар ақылдаса келе, Уханьнан Орталық Азияға қатынайтын жүк пойыздарын тұрақты жұмыс істейтін маршруттарға енгізіп, аптасына бір рет қатынайтын болды. Бұл орталық аймақтың халықаралық құрлық көлік әлеуетін арттырды. Сөйтіп, Орталық Азия елдері нарықтары мен қытайлық компаниялардың «шетелге шығу» қажеттерін қанағаттандырды.
people.cn © People's Daily Online