Бейжің көшелеріндегі Оңтүстік-Шығыс Азия тағамдары

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 сәуір

14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Вьетнам кофесінің хош иісі, малайзиялық тағамның дәмі, Камбоджаға саяхатту жарнамалары... Бейжіңнің көшелерін аралап жүріп, сіз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің көптеген дәмді тағамдары мен мәдениетіне кездесесіз.

Тағам адамдардың тәбетін біріктіреді, ал мәдениет адамдарды бір-бірімен байланыстырады. Вьетнам әлемге әйгілі кофе өндіруші ел ретінде танымал. Қытайдың Юньнань өлкесінің кофесі де әйгілі және жергілікті экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады. Кофенің дәмі кермек болғанымен, ол Қытай мен Вьетнам халқына тәтті өмір сыйлайды. Чаошаньдағы қуырылған күріш кеспесі Малайзияға жеткен соң, жергілікті дәмге табиғи үйлесіп, ерекше дәмімен Қытай-Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы терең мәдени байланысты жалғастырды. Камбоджаның Ангкор қаласындағы Король сарайының қирандыларын қытайлық ғалымдардың қатысуымен қалпына келтіру екі халықтың жүрегін бір-бірімен тығыз сабақтастырды.

Бейжің көшелеріндегі Оңтүстік-Шығыс Азияның тағамын зерттеп, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы ұзақ және терең мәдени қарым-қатынасты сезіну үшін, сайтымыздың шетелдік сарапшысы Шукридің мына түсіріліміне назар аударыңыз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото