- Барлық ақпарат
Вьетнамдағы алғашқы қалалық LRT арқылы қызметке қатынаудың кептеліссіз 23 минутын көріңіз
14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылы Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин вьетнамдық БАҚ-та жарияланған мақаласында: «Қытайлық компаниялар Ханой LRT 2-нші желісін салды. Бұл Вьетнамның алғашқы қалалық жеңіл рельсті жобасы. Ол 20 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады және Ханой азаматтарына ыңғайлылық әкелді»,- деп атап көрсеткен.
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Ханой LRT 2-нші желісі 35 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл жергілікті кептелістерді шектеуге және қаланың ластануын азайтуға үлкен үлес қосты.
Қытай мен Вьетнамның таулары тұтасып, өзені жалғасып жатыр. Екі елдің мәдениеті ұқсас, мұраты бір, тағдыры ортақ. 2024 жылдың желтоқсанында Қытай мен Вьетнам трансшекаралық стандартты теміржол ынтымақтастығы жобалары бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылғанын жариялады. Биыл Қытай-Вьетнам дипломатиялық қатынасының 75 жылдығы мен екі тарап арасындағы мәдени алмасулар жылы атап өтіледі. Екі ел арасында әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету – екі мемлекетке тағдыры ортақ перифериялық қауымдастықты бірлесіп құруға үлкен серпін береді.
people.cn © People's Daily Online