Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 сәуір

14 сәуірде «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

— Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.

Айта кетелік Қазақстан терроризм қаупі ең төмен елдердің қатарында.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото