Си Цзиньпиннің Оңтүстік-Шығыс Азияға сапары: Перифериялық дипломатияны тереңдету және ынтымақтастықтың жаңа тарауын құру

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 сәуір

14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 14-18 сәуір аралығында Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы Си Цзиньпин Вьетнамға, Малайзияға және Камбоджаға мемлекеттік сапармен барады. Бұл Қытай мемлекет басшысының биылғы сапарының басы, сонымен қатар орталықтың перифериялық жұмыс конференциясынан кейінгі периферияға алғашқы сапары.

«Достық, шынайылық, өзара тиімділік және толеранттылық ұғымы»

2013 жылдың қазан айында Төраға Си Цзиньпин «Достық, шынайылық, өзара тиімділік және толеранттылық» сияқты дипломатиялық тұжырымданы алға тартты. Қытай көршілес 17 елмен тағдыры ортақ қауымдастық құру туралы келісімге келіп, 18 елдің ең ірі сауда серіктесі болды.

Орталықтың перифериялық жұмыс конференциясында «тату, қауіпсіз, бай көрші болу, ізгі ниетті және өзара тиімді болу, тағдыры ортақ болу тұжырымдамасына» баса назар аударылды.

Қытайдың даму жетістіктері көрші елдерге көбірек пайда әкелді

Төраға Си Цзиньпин «даму жолында көрші елдердің Қытаймен жолсерік болғанына қуанамыз» деп бірнеше рет айтқан болатын. Қытай-Лаос теміржолы Лаостың «құрлыққа жабық ел» дилеммасын бұзды, Джакарта-Бандунг жүрдек теміржолы Индонезия экономикасының өркендеуіне көмектесті, ал Қытай-Малайзия «екі елдің қос паркі» өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа моделін жасады.

Вьетнам, Малайзия және Камбоджаның ұлттық даму стратегиялары «Бір белдеу, бір жолмен» синергетикалық әсер қалыптастырды. Қытай-АСЕАН Еркін сауда аймағын жаңарту хаттамасының 3.0 нұсқасына бір жыл ішінде қол қойылады деп күтіліп отыр.

Бірлесіп құру мен ашықтықтың регионализмі

Қытай мен АСЕАН жер шары халқының төрттен бірін құрайды, ал олардың экономикасы әлемде екінші және бесінші орында. «Тағдыры ортақ Қытай-АСЕАН қауымдастығының одан сайын жақындай түсуі - бейбітшілікке, дамуға, ынтымақтастықты ілгерілетуге және өзара тиімді жағдайға ұмтылатын дәуірлік тенденцияға сәйкес келеді».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото