- Барлық ақпарат
Аньхой Ухудан алғашқы Қытай-Еуропа және Орталық Азия пойызы жолға шықты
10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында 165 және 261 отандық тәуелсіз маркалы коммерциялық көліктері бар Қытай-Еуропа мен Орталық Азия пойыздары Аньхой қаласындағы Ухудан Ресейдің Мәскеу және Қазақстанның Алматы қаласына қарай жолға шықты. Бұл - база салынғаннан бері Қытай-Еуропа мен Орталық Азия пойызының алғаш рет іске қосылуы.
Бұл жолы жолға шыққан Қытай-Еуропа пойызында жалпы 55 вагон және 110 стандартты қорап бар. Ол контейнерлік тасымалдау режимін қолданған. Пойыз елден Эрлианхот порты арқылы шығып, шамамен 9300 шақырым жол басып, Ресейдің Мәскеу қаласына барады.
Бұл жолы Орталық Азия пойызында барлығы 29 вагон іске қосылды. Оларды коммерциялық көліктерді теміржол көлігімен тасымалдауға арналған арнайы көліктер (JSQ) тасымалдайды. Пойыздар Қорғас порты арқылы елден шығып, шамамен 4700 шақырым жол басып, Қазақстаннң Алматы қаласына барады.
people.cn © People's Daily Online