- Барлық ақпарат
ҚР үкіметі диқандарды қолдауға 40 млрд теңге бөлді
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 сәуір
ҚР Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында үкімет резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.
— Қаражатты көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, 2025 жылдың өнімін қабылдау үшін астық қоймаларын босату, қазақстандық астық экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағыттау жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online