Әлемдік тарифтік қақтығыс: Астанадағы Ақордада ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 сәуір

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды Sputnik.

Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, Қазақстанның экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

ҚР Президенті келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото