Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 59 доллардан төмен түсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 сәуір

Қазақстанда жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күні Brent маркалы мұнайдың бір баррель бағасы төрт жылдағы ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Сәрсенбі күні әлемдік мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы 4 ақпаннан бері алғаш рет бір баррель үшін 59 доллардан төмен түсті.

Аталған ақпаратққа сәйкес, мұнай бағасының төмендеуі Трамп енгізген жаңа баж салығы мен ОПЕК+ шешімдерінің аясында орын алып отыр. Артық ұсыныс қаупі мен сауда шиеленісінің күшеюі мұнай бағасына қосымша қысым түсіріп жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото