- Барлық ақпарат
Ақ кітап: «Өзара тарифтер» АҚШ-та рецессия қаупін арттырады
10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 9 сәуірде Қытай Мемлекеттік Кеңесінің ақпараттық басқармасы жариялаған «Қытай-АҚШ экономикалық және сауда қатынастарының бірнеше мәселелері бойынша Қытайдың ұстанымы» атты ақ кітапта АҚШ-тың осы «өзара тарифті» енгізуі өзгеге де, өзіне де зиян келтіріп, Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық құлдырау қаупін арттыратыны көрсетілген.
Ақ кітапта айтылғандай, АҚШ-тың әрекеті көптеген жыл бойы көпжақты сауда келіссөздерінде қол жеткізілген мүдделер тепе-теңдігін елемей, АҚШ-тың ұзақ уақыт бойы халықаралық саудадан ауқымды пайда тапқанын жоққа шығарды. АҚШ «Өнеркәсіпті қорғау» және «Ұлттық қауіпсіздік» деген желеумен сауда кедергілерін орнатуға тырысып, Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін елеулі түрде бұзып қана қоймай, көпжақты сауда жүйесіне ауыр нұқсан келтіруде, тиісті тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін өрескел бұзды, бұл әрі өздерінің ішкі экономикалық мәселелерін шешуге көмектеспейді. Мұның соңы сөзсіз теріс реакцияға және өзіне-өзі зянын тигізетін салдарға әкеледі.
people.cn © People's Daily Online