Тяньцзинь Контейнерлік орталық станциясы Қытай мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасындағы логистикалық хабқа айналды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 сәуір

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньцзинь Контейнерлік орталық станциясы - елдегі 18 теміржол контейнерлік хаб станцияларының бірі. Географиялық артықшылықтарымен және жетілдірілген логистикалық мүмкіндіктерімен ол Қытай мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерін байланыстыратын маңызды логистикалық дәнекерге айналды. 2016 жылдың маусым айында пайдалануға берілгеннен бері станцияның бизнес көлемі ұлғайды. Аталмыш сала Қытай-Еуропа мен Орталық Азия пойыздарының және су-теміржол интермодальдік көлік міндеттерін өз мойнына алды.

Қазіргі уақытта Қытай-Еуропа (Орта Азия) пойыздарының қозғалысы қалыпқа келтіріліп, аптасына Моңғолияға 5 пойыз, Ресейге 1 пойыз жөнелтіледі. Ағымдағы жылдың сәуір айында Тяньцзинь Контейнерлік орталық станциясы Қазақстан мен Қырғызстан бағытында жаңа арналарды іске қосады. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы станцияда барлығы 57 Қытай-Еуропа пойызы және 215 Орталық Азия пойызы жұмыс істеген; жыл басынан бері барлығы 13 Қытай-Еуропа пойызы және 70 Орталық Азия пойызы жөнелтілген.

Жақында Тяньцзинь Контейнерлік орталық станциясының екінші желісі пайдалануға беріліп, саланың логистикалық қуаты жаңа деңгейге көтерілмек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото