Қытайдағы Ежелгі Жібек жолындағы Ярғұл гроттары алғаш рет ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 сәуір

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 5 сәуірде бір жыл бойы қорғау, жөндеу және цифрландыру құрылысынан кейін Шыңжаңның Турпан қаласындағы Ярғұл гроттары алғаш рет ашылды. AR сияқты цифрлық технологиялардың арқасында бояуы өшіп кеткен қабырға суреттер туристердің көз алдында түрлі-түсті болып, қайта пайда болды.

Ярғұл гроттары Ярғұл ескі қаласы Яриеза аңғарының екі жағындағы жартастарда орналасқан. Олар бір кездері ескі Ярғұл қаласына тиесілі ғибадатхана болған. Жоғарғы және төменгі екі қабатқа бөлінген 22 грот бар. Жоғарғы қабат - монахтардың медитация жасайтын орны, ал төменгі қабат монахтың бөлмесі немесе қонақ бөлмесі болуы мүмкін. Бұл жолы көпшілікке ашылғандардың негізгілері 4-үңгір мен 7-үңгір.

Ярғұл гроттары Он алты патшалық кезеңіндегі Солтүстік Лян дәуірінде (397-460) салынған. Үңгірде керемет суреттер және қытай, ұйғыр, соғды тілдерінде жазылған жазулар бар. Бұл Буддизмнің Жібек жолында таралуын және көпұлтты мәдениеттердің интеграциясын зерттеуге арналған типтік жәдігер.

2014 жылы ескі Ярғұл қаласы Қытай, Қазақстан және Қырғызстан бірлесіп өтініш берген «Жібек Жолы: Чан'ань-Тяньшань дәлізінің жол желісі» нысанындағы бір түйін ретінде «Дүниежүзілік мұралар тізіміне» енгізілді. Ярғұл гроттарының ашылуы ескі Ярғұл қаласының мазмұнын одан әрі байыта түседі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото