Қазақстаннан Қытайға ауыл шаруашылығы дақылдарын экспорттау көлемі артады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 сәуір

Қазақстаннан Қытайға ауыл шаруашылығы дақылдарын экспорттау көлемі артады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінде агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

— Жыл сайын Қытайға экспорттаушылар реестрінде отандық кәсіпкерлердің саны артып келеді, қазіргі таңда 2 432 қазақстандық кәсіпкер тіркелген. Қытай нарығына бұршақ, жасымық және рапс сияқты өнімдерді жеткізу бойынша келісімдер бекітілді. Сонымен қатар 2026 жылға дейін күріш, маш, мақта және бақша дақылдары сияқты өнімдер түрлерін кеңейту жоспарланған, — деді Ербол Тасжүреков.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото