Қазақстанда «Е-Шағым» жүйесі іске қосылады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 сәуір

Қазақстанда туристердің қауіпсіздігі үшін «Е-Шағым» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Туристер «Е-Шағым» жүйесі арқылы такси жүргізушілері немесе қонақүйлердің сапасыз қызметі бойынша шағым түсіре алады.

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жаңа қызметті туризм саласын цифрландыру аясында іске қосу жоспарланып отыр.

— Цифрландыру және TravelStan қосымшасын іске қосу аясында турист қажет болған жағдайда бір тетік арқылы мемлекеттік органның белгілі бір өкілінің, қонақүй reception-нің заңсыз әрекеттеріне, такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымдана алады. Бұл жүйе «Е-Шағым» – шағымдарды жинақтау жүйесі деп аталады. Соны енгізуді жоспарлап отырмыз, — деді Еркінбаев ҚР үкіметінде өткен брифингте.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото