Қазақстанда енді ауыл шаруашылығы техникасына 200 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген лизинг беріледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 сәуір

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен қаржыландыру көлемі 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлады Sputnik.

«Елімізде ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің көлемі 5% пайыздық мөлшерлемемен 200 млрд теңгеге дейін ұлғайды», - деп жазылған хабарламада.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, бұл мемлекеттік қолдау 120 млрд теңгені құраған, былтырғы жылмен салыстырғанда 80 млрд теңгеге артық.

Сонымен қатар лизинг шарттары да жақсарды. Бұрын мөлшерлеме 23% болған, ал пайыздық мөлшерлемеге субсидия алу бірнеше айға созылатын.

Енді шаруалар техниканы кепіл ретінде, ал инвестициялық субсидияларды бастапқы жарнаның 30% ретінде пайдалана алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото