Қытай «Ауыл шаруашылығы саласында қуатты ел құру құрылысын жеделдету жоспарын (2024-2035 жж.)» жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті мен Мемлекеттік Кеңесі 2024 жылдан 2035 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында қуатты ел құру құрылысын жеделдету жоспарын жариялады.

Жоспардың негізгі мақсаттарына сәйкес, 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы саласында қуатты ел құру құрылысында айтарлықтай прогреске қол жеткізіледі. Ауылды жалпы жандандыруда нақты нәтижелерге жетікізіліп, ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді жаңғырту бойынша жаңа деңгейге көтеріледі.

Жоспарда 2035 жылға қарай ауыл шаруашылында қуатты ел құру құрылысы керемет нәтижелерге қол жеткізеді деп болжанып отыр. Ауылды жалпы жандандыруда шешуші прогреске қол жеткізіліп, ауыл шаруашылығын заманауиландыру негізінен жүзеге асырылды, ауыл негізінен заманауи өмір сүру жағдайларымен жабдықталады.

Осы ғасырдың ортасына қарай ауылшаруашылында қуатты ел құру толығымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар құжатта қалалық және ауылдық жерлердің интеграциясы мен дамуына ықпал етуге және қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға баса назар аударылған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото