- Барлық ақпарат
Міне бұл қытайлықтардың краб тазалау жылдамдығы
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір
7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Фуцзяньның Дуншань ауданында теңіз өнімдерін шығаратын компанияның өндірістік цехында жұмысшылар құралдарды шебер пайдаланып, краб аяқтарын кесу, краб етін тазарту және алу жұмыстарын орындап жатыр. Жұмысшылар дәмі тіл үйіретін краб еттерін сұрыптап, орап, қораптайды.
Шеберханада жұмыс істейтін әйелдердің көпшілігі Аоцзяо ауылынан және жақын маңдағы ауылдардан келеді. Олар бос уақыттарында осында жұмыс істеп, отбасына қосымша табыс табады.
Аоцзяо ауылында теңіз өнімдерін өңдейтін көптеген кәсіпорын бар. Олар жергілікті жерде жаңадан ауланған теңіз өнімдерінен консервіленген краб етін, краб сирағын және басқа да су өнімдерін дайындайды және оларды Еуропа, Америка нарықтарына экспорттайды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online