- Барлық ақпарат
Қытайда алғаш рет операторларға пилотсыз ұшатын аппараттарды пайдалануға рұқсат берілді
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір
7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда алғаш рет бірқатар жергілікті компанияларға пилотсыз ұшатын аппараттарды коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін лицензиялар берді.
Лицензия жергілікті әуе тасымалы қызметіне маманданған компанияға ақылы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қызметтерге төмен биіктіктегі шолу экскурсиялары мен жолаушыларды тасымалдау кіреді. Ол үшін EH216-S деп аталатын жолаушыларға арналған пилотсыз ұшатын аппарат қолданылады.
EH216-S – ұшу жарамдылығы сертификатына ие болған пилотсыз әуе көлігі. Ол екі жолаушыны 130 км/сағ жылдамдықпен және 35 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online