Қытайдың Қазақстандағы елшісі «ШЫҰ университетте» атты іс-шараға қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2 сәуірде Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ШЫҰ университетте» атты іс-шарасын өткізді. Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хан Чуньлинь тақырыптық баяндама жасап, қонақтармен бірге фотокөрмені аралады.

Іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ШЫҰ-ның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев және университеттің 70-тен астам оқытушысы мен студенті қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото