ҚР президенті: Қазақстан ЕО нарығына экспортты 2 миллиард доллардан астам сомма5а ұлғайтуға дайын

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия - Еуропа Одағы» саммитіне қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Еуропа Одағының келешектегі күн тәртібіне қатысты өз ойын ортаға салды.

ҚР президенті ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән берген жөн деп санайды. Оның айтуынша, Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото