Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу көзделіп отыр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын республика аумағынан шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Хабарламаға сәйкес, 14 мамырдан бастап алты ай мерзімге сұйытылған мұнай газын Қазақстан аумағынан әкетуге тағы тыйым салады.

«Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото