Дәстүрлі Цинмин мерекесі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 4 сәуір

4 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Баршаңызға сәлем! Мен саяхаттағанды жақсы көретін Сисимін! Бүгін Цинмин мерекесі(Қабір сыпыру күні). Бұл - ай күнтізбесі бойынша жиырма төрт жыл амалының бірі, сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі фестиваль.

Мен бұл жолы әдемі Ханчжоуға келдім, Цинмин мерекесі кезіндегі бұл қаланың ерекше сұлулығын бірге сезінейік.

Цинмин мерекесі кезінде гүл-шөптер жайнап, бұлбұлдар сайрап, талдар көктем самалымен тербеліп, көл жағасындағы гүлдер жарыса шешек атады. Адамдар топ-тобымен көкке шығып, табиғат ананың құшағында кең тыныстайды.

Мереке кезінде Ханчжоуда жусанның иісі аңқиды. Әрбір отбасы жабысқақ күріштен әзірленген жасыл тұшпара жасаумен немесе таңдаумен әбігер болады. Бұл жұмсақ және балауыз хош иіс - Янзы өзенінің оңтүстік жағалауындағы дара дәм.

Цинмин мерекесі - дүниеден өткендерді еске алып, ата-бабаға тағзым ететін уақыт. Қытайда адамдар ата-бабаларының қабірін сыпырып, сағынышын басады.

Шындығында, мұндай еске алу дәстүрі әлемнің басқа аймақтарында да бар. Мысалы, Мексиканың Әруақ мерекесі (Dia de los Muertos) жыл сайын 1 және 2 қараша аралығында өтеді. Онда адамдар жиналып, рәсімдер өткізіп өмірге деген құрметі мен жақындарына деген сағынышын білдіреді.

«Алмұрт гүлін жел алып,

апарғанда далаға,

мереке деп санада,

достарыңмен сыртқа шық,

қалып қойма қалада.» Мейлі көкке шығып серуендеу немесе еске алу болсын, Цинмин фестивалі жылулық пен үмітке толы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото