Қырғызстандағы жер сілкінісінен 50 шақты үйге зақым келген

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 наурыз

Қырғызстанның Талас облысы Талас ауданында 28 наурыз күні болған жер сілкінісінен 48 үйге зақым келгені анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, төтенше жағдай болған күннен бастап азаматтық қорғаныс комиссиясы зақым келген үйлерді анықтау жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта 48 үйдің зақымдалғаны белгілі болды. Тексеріс қорытындысы бойынша акт толтырылды. Комиссия деректеріне сәйкес 48 үйдің 31-і сақтандырылған көрінеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото