Мьянмадағы Қытай елшілігі: Мьянмадағы қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Қытай азаматтарының саны 14-ке дейін өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 наурыз

31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Мьянмадағы елшілігі 30 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 14:30-дағы жағдай бойынша, Мьянмадағы қатты жер сілкінісінен зардап шеккен Қытай азаматтарының саны 14-ке жеткенін растады. Елшілік қызметкерлерді Янгон халық ауруханасына барып, Мандалай өлкесінен осы ауруханаға емделуге ауыстырылған Қытай азаматтарының хал-жағдайын білуге жіберді.

Жергілікті уақыт бойынша 30 наурыздағы мәліметтен анықталғандай, Мьянмадағы қатты жер сілкінісі салдарынан 1700 адам қаза тауып, 3400 адам жарақат алған. 300-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Қытайдың бірқатар құтқару топтары Мьянманың аса зардап шеккен Мандалай қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото