- Барлық ақпарат
Қытайда ШЫҰ-ның Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің отырысы өтті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 наурыз
28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық Қорғаныс министрлігінің веб-сайтындағы хабарламаға сәйкес, 26-27 наурыз аралығында Қытайдың Ұлттық Қорғаныс министрлігі 2025 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бірінші отырысын Шаньдун өлкесінің Циндао қаласында өткізді. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары мен ШЫҰ хатшылығының 30-дан астам өкілі қатысты.
Тараптар ШЫҰ-ның қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы практикалық ынтымақтастығы туралы терең пікір алмасты және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерінің 2025 жылы Қытайда өтетін алдағы кездесуіне дайындалу үшін тығыз байланыс пен үйлестіруді сақтауға дайын екендерін білдірді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online