Қазақстанда шөп басқан жерге қона алатын, ыстық-суыққа төзімді ұшақ пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 наурыз

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі алғаш рет L‑410 көпмақсатты қос моторлы ұшағын алды деп жазды Kazinform.

Бұл құтқару ведомствосының авиациясын дамытудағы маңызды қадам, ол төтенше жағдайларға тезірек ден қоюға және қол жетпейтін аудандарға көмек жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл әуе кемесін пайдалануға беру Қазақстандағы азаматтық авиацияның дамуына ықпал етеді, өйткені ол ұшқыштардың біліктілігін арттырады, заманауи әуе кемелерін қолдануды кеңейтеді және қиын жағдайларда жеңіл авиацияны пайдалануға жаңа мүмкіндіктер жасайды.

Ұшақты беру салтанатты рәсімі ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің қатысуымен өтті. Ведомство басшысы бұл ұшақ құтқару бөлімшелерінің ұтқырлығын едәуір арттыратынын және табиғи апаттардың, авариялар мен басқа да оқиғалардың салдарын тиімді жоюға көмектесетінін атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото