Еуропа мен АҚШ компаниялары өкілдері Бейжіңде бас қосты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 наурыз

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Наурызда Қытайдың жоғары деңгейдегі даму форумының 2025 жылғы жыл сайынғы кездесуі жаһандық бизнес қауымдастығының басты назарына айналды. Форумға әлемнің 21 елінен келген трансұлттық компаниялардың 86 ресми өкілі қатысты. International Business Daily статистикасына сәйкес, форумға қатысқан АҚШ компаниясының саны 27, ал еуропалық компания 28-ге жетті.

Олардың ішінде Siemens, BMW, Apple, Nestlé және HSBC сияқты көптеген танымал компания бар. Олар қаржы және сақтандыру, медицина және денсаулық сақтау, автомобиль өндірісі, тамақ өнімдерін тұтыну сияқты көптеген саланы қамтиды.

Кейбір батыс саясаткерлері үнемі аузынан тастамайтын Қытаймен «кетісуді және тізбекті үзуді» жақтайтын саяси атмосфера жағдайында, еуропалық және америкалық корпорациялар әлі де Бейжіңде жиналып, практикалық әрекеттер арқылы Қытайдан мүмкіндік іздеуде.

Қытайдағы Америкалық сауда палатасының сауалнамасының соңғы есебінде, АҚШ-тың тұтыну өнеркәсібіндегі сауалнамаға қатысқан компаниялардың шамамен 70%-ы 2025 жылы Қытайға инвестициялардың ұлғаюын күтетіні көрсетілген; Ал Қытайдағы Германияның сауда палатасы сауалнамаға қатысқан компаниялардың 92%-ы Қытайда жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырғанын, ал жартысынан көбі алдағы екі жылда инвестиция көлемін ұлғайтуды көздейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото