Қытайда 100 млн тонналық тақтатас мұнай кен орны анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 наурыз

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің China Petrochemical компаниясынан алған мәліметіне сәйкес, Қытай мұнай Шэнли мұнай кен орнына қарасты Цзян тақтатас мұнай Синьсин мұнай кен орнының барланған қоры 100 миллион тоннадан асты. Бұл қор Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігінің ресми сараптамасынан өтіп, бекітілді. Осылайша, Қытайда алғаш рет 100 миллион тоннадан асатын тақтатас мұнай кен орны анықталды.

Сараптамаға сәйкес, бұл кен орнындағы дәлелденген геологиялық мұнай қоры 140 миллион тонна, ал техникалық тұрғыдан игеруге болатын қоры 11,3599 миллион тонна. Жалпы Шэнли мұнай кен орнының Цзян алабындағы тақтатас мұнай қоры 10,5 миллиард тоннаға бағаланып отыр, жалпы өндірілген мұнай көлемі 1 миллион тоннадан асып түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото