Шыңжаңдағы таза энергия саудасының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,7%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 наурыз

26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Электр энергетикасы сауда орталығының соңғы мәліметіне сәйкес, 24 наурыздағы жағдай бойынша Шыңжаңның «жасыл энергия» сауда қуаты 2025 жылы 5,26 миллиард киловатт-сағатқа жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,7%-ға өсіп, 2024 жылғы 5 миллиард киловатт-сағаттық көрсеткішті 8 ай бұрын орындады.

«Жасыл энергия» өндіріс процесінде көмірқышқыл газының нөлдік немесе нөлге жақын шығарындыларына қол жеткізеді. Бұл көміртегінің бейтараптығына жетуде және өнеркәсіптік трансформация мен модернизацияны ілгерілетуде шешуші рөл атқаратынын білдіреді. Шыңжаң - жел мен жарық ресурстарына бай өлке. Ал жаңа энергияның белгіленген қуаты 100 миллион киловаттан асып түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото