- Барлық ақпарат
Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында күмісті қанағат тұтты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 наурыз
Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды деп жазды ҚазАқпарат.
Осыған дейін спорттық жолында Азия ойындарында үшінші орынға ие болып, құрлық чемпионатында алтын, күміс және қола алған қазақстандық балуан 130 келіге дейінгі салмақта 20 жастағы ирандық Фардин Хедаятимен белдесті.
Ирандық спортшы белдесуді бірден қарқынды бастап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті – 7:0.
Осылайша, Қазақстан қоржынына бір күміс, екі қола жүлде түсті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online